Әсел Оспан - Көк Байрақ TDKŞB · 04.08.2026 Көк Байрақ Көк бөрілі заманның, Көзіндей едің – Көк Байрақ! Шұбырынды көрген даламның, Өзіндей едің – Көк Байрақ! Егілген шерлі күйімді Домбырам айтар күмбірлеп. Ақ жаулығындай анамның, Желбіреп едің – Көк Байрақ! Қазақ деген жұртымның Жүрегісің – Көк Байрақ! Алашымның арманы, Тілегісің – Көк Байрақ! Аманатын арқалап бабалардың - Көк Байрақ! Кеше,бүгін, ертеңнің Тірегісің – Көк Байрақ! Тарихымды тербеткен ғасырлардан – Көк Байрақ! Болашаққа бағдарсың, Асыл арман – Көк Байрақ! Туған жердің тұнығындай Мөлдір едің – Көк Байрақ! Азаттықтың туы боп Желбіредің – Көк Байрақ! «Менің елім!» дегізген Мұратымсың – Көк Байрақ! Оятатын намысты Сұрапылсың – Көк Байрақ! Ұшқан құстың қанатына Арманымды жазайын. Шабыт-кие шарықтап, Жыр ағылсын – Көк Байрақ! Әсел Оспан — https://www.tdksb.org/works/asel-ospan-kok-bairaq