Әсел Оспан - Көк Байрақ
Көк БайрақКөк бөрілі заманның,Көзіндей едің – Көк Байрақ!Шұбырынды көрген даламның,Өзіндей едің – Көк Байрақ!Егілген шерлі күйімдіДомбырам айтар күмбірлеп.Ақ жаулығындай анамның,Желбіреп едің – Көк Байрақ!Қазақ деген жұртымныңЖүрегісің – Көк Байрақ!Алашымның арманы,Тілегісің – Көк Байрақ!Аманатын арқалапбабалардың - Көк Байрақ!Кеше,бүгін, ертеңніңТірегісің – Көк Байрақ!Тарихымды тербеткенғасырлардан – Көк Байрақ!Болашаққа бағдарсың,Асыл арман – Көк Байрақ!Туған жердің тұнығындайМөлдір едің – Көк Байрақ!Азаттықтың туы бопЖелбіредің – Көк Байрақ!«Менің елім!» дегізгенМұратымсың – Көк Байрақ!Оятатын намыстыСұрапылсың – Көк Байрақ!Ұшқан құстың қанатынаАрманымды жазайын.Шабыт-кие шарықтап,Жыр ағылсын – Көк Байрақ!Әсел Оспан
— TDKŞB, 4 avqust 2026





Şərhlər
0Söhbətə qoşulmaq üçün daxil olun
GirişSöhbətə ilk siz qoşulun.