Әсел Оспан - Көк Байрақ 04 Avqust 2026, 13:00
Көк Байрақ
Көк бөрілі заманның,
Көзіндей едің – Көк Байрақ!
Шұбырынды көрген даламның,
Өзіндей едің – Көк Байрақ!
Егілген шерлі күйімді
Домбырам айтар күмбірлеп.
Ақ жаулығындай анамның,
Желбіреп едің – Көк Байрақ!
Қазақ деген жұртымның
Жүрегісің – Көк Байрақ!
Алашымның арманы,
Тілегісің – Көк Байрақ!
Аманатын арқалап
бабалардың - Көк Байрақ!
Кеше,бүгін, ертеңнің
Тірегісің – Көк Байрақ!
Тарихымды тербеткен
ғасырлардан – Көк Байрақ!
Болашаққа бағдарсың,
Асыл арман – Көк Байрақ!
Туған жердің тұнығындай
Мөлдір едің – Көк Байрақ!
Азаттықтың туы боп
Желбіредің – Көк Байрақ!
«Менің елім!» дегізген
Мұратымсың – Көк Байрақ!
Оятатын намысты
Сұрапылсың – Көк Байрақ!
Ұшқан құстың қанатына
Арманымды жазайын.
Шабыт-кие шарықтап,
Жыр ағылсын – Көк Байрақ!
Әсел Оспан
DİGƏR XƏBƏRLƏR
-
Xuraman Muradova - Hüzuru tapmışam
07 Sentyabr 2026, 15:46 -
Sündüs Arslan Akça - SORGU
07 Sentyabr 2026, 12:34 -
Leyla Mətin - Unutmaq...
07 Sentyabr 2026, 12:31 -
Xuraman Muradova - YARALANAR
06 Sentyabr 2026, 09:21 -
Aysel Nəsirzadə - Elə intəhasız darıxıram ki...
06 Sentyabr 2026, 09:14 -
Xuraman Muradova - Yolçu
06 Sentyabr 2026, 09:02 -
Gülzar Abla Bayatlı - Bir damlacık acı
06 Sentyabr 2026, 08:57 -
Sündüs Arslan Akça - Beterin Beteri
06 Sentyabr 2026, 08:53 -
Xuraman Muradova - Gözəlliyin nuru imandır
04 Sentyabr 2026, 07:11 -
Xuraman Muradova - Yaxşı İnsanlar
04 Sentyabr 2026, 07:06

